Коронавирус инфекциясы мен жедел респираторлық аурулардың таралуын ескерту, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес карантин кезінде фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру аясында қаланың дәріхана ұйымдарын дәрі-дәрімекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша мониторингтік топ құрылады. Бұл туралы Алматы әкімдігінің ресми Telegram-каналы хабарлады.
Аталған топтарды Алматы қаласының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мен Алматы қаласының және облысының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасымен, сонымен бірге, ҚР фармацевтика қызметін қолдау және дамыту қауымдастығымен бірлесіп құрмақ.
Мониторингтік топтар қаладағы дәріханаларды күн сайын аралайтын болады. Мониторинг барысында саудадағы дәрілік құралдардың 41 атауына ерекше көңіл бөлінбек, соның ішінде нақты мына препараттар: «Тромбопол», «Кардиомагнил», «Аспирин», «Тромбо асс», «Аспирин-Кардио», «Ксарелто 15», «Азитро 500», «Азитрокс 500», «Азитромицин 500», «Азицин 500», «Заха 500», «Зитмак 500», «Зитрокс 500», «Сумамед 500», «Амоксиклаб», «Аугментин», «Амоксиклав», «Клавам», «Флемоклав Солютаб», «Цефиксим», «Цефим», «Супракс солютаб», «Супракс 24», «Токсим-О», «Тамифлю», «Осельтамивир», «Инфлюцеин», «Флувир», «Номидес», «Ингавирин 90», «Эргоферон», «Кагоцел», «Арпефлю», «Парацетамол», «Эффералган», «Панадол», «Нурафен», «Ибупрофен», «Новиган», «Миг 400», «Нимесулид».
Сонымен бірге, бірқатар дәріхана ұйымдары күн сайын белгіленген тізімге сәйкес, дәрілік құралдардың бар-жоғы жайлы ақпарат беріп отырады.
Осылайша, аталған шаралар халықты медикаменттермен үздіксіз қамтуға және үйде емделетін науқастарға жағдай жасауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, дәрілік препараттардың бағасын қадағалау мақсатында дәріхана ұйымдарының басшыларына Денсаулық сақтау министрлігінің 2019 жылдың 15 шілдедегі «Дәрілік құралдың бөлшек жіне көтерме саудада сатылатын атауының шекті бағаларын бекіту туралы»№ ҚР ДСМ-104 бұйрығына сәйкес бөлшек саудада шекті бағаны сақтау қажеттігі қатаң ескертіледі.