Жаңалықтар

Алтын Орда базары өртенді

Өрт асханадан шыққан

Төтенше жағдайлар комитетінің телеграм каналы хабарлағандай, Алматы облысына қарасты, Қарасай ауданында орналасқан Алтын Орда базарында өрт шыққан.

Сағат 16.23 те басталған өрт 17.33 те сөндірілді. Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті мамандарының хабарлауынша, тілсіз жаумен күресуге 4 техника және 20 өрт сөндіруші жұмылдырылған.

Өрт асхана мен сауда павильонындағы 500 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ.