Қазақстандық электролиз зауыты алюминийді әлемнің 20-дан астам еліне жеткізеді

Жарияланды
А-8 және А-85 жоғары маркалы алюминий

«Қазақстан электролиз зауыты» АҚ (ҚЭЗ) Еуразиялық Топтың (ERG) құрамына кіретін елімізде алғашқы алюминий өндіретін жалғыз кәсіпорын. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Өндіріс ошағы 2007 жылдан бастап Лондон металдар биржасында тіркелген А-8 және А-85 жоғары маркалы бастапқы алюминий шығарады. ҚЭЗ алюминийді Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Оңтүстік және Орталық Еуропа елдерін қоса алғанда, әлемнің 20-дан астам еліне жеткізеді.

Елімізде электролиз зауытын іске қосу аясында толық өндірістік циклмен ұсынылған алюминий кластері құрылды – кен және сазбалшықты өндіруден бастап металл алуға дейін (Краснооктябрь және Торғай боксит кен басқармалары, Керегетас әктас кеніші, Павлодар алюминий зауыты).

Сонымен қатар Қазақстан электролиз зауыты әлемдегі алюминий өндірісі бойынша ең аз шығынды кәсіпорындардың бірі болып табылады. Мұнда, атап айтқанда, жеке анодтар шығару жолға қойылған, электродтар өндірісі бойынша бөлімшенің қуаттылығы жылына 136 мың тоннаны құрайды. Инновациялық кәсіпорын өз жұмысын бастағалы екі млн тоннадан астам бастапқы алюминий өндірді.

Зауыт ең жоғары сапалы өнім шығаруға мүмкіндік беретін жетекші әлемдік өндіруші фирмалардың заманауи жабдықтарымен жабдықталған. Өндіріс ошағында алдын ала күйдірілген анод технологиясы қолданылады, ол заманауи әрі экологиялық қауіпсіз саналады. Зауыттағы анодтар Теміртаудағы тас көмір пекінен, Павлодар мұнай коксінен өндіріледі. Алюминий өндіру кезінде Еуразиялық топқа кіретін «Қазақстан алюминийі» АҚ сазбалшығы пайдаланылады. Бұдан басқа, барлық технологиялық процесс үшін электр энергиясын ERG тағы бір кәсіпорны – «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ жеткізеді. Зауытта өндірілген анодтар мұнда шығарылатын отандық алюминийдің жоғары сапасын сақтап қана қоймай, ондағы қазақстандық алюминийдің құрамын 100%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Зауытта жоғары ампералы электролизерлер қолданылады. Электролизерлер сериясы 288 электролизерден тұрады. Барлық технологиялық процестер автоматтандырылған басқару жүйелерімен бақыланады. Осылайша операцияларды реттеуге, электролизерлердің, газ тазалау қондырғыларының, құю цехының және қосалқы объектілердің жұмысына үздіксіз мониторинг жүргізуге мүмкіндік бар.

Құрылыстың бастапқы кезеңінде және зауыт тұрғызылған күннен бастап алюминий өндірісінің экологиялық нормалары мен ережелері сақталды. Атмосфераға ластаушы заттардың шығарындыларын азайту үшін Норвегиялық ALSTOM компаниясының газ тазарту қондырғылары орнатылған, олар адсорбцияға және алюминий алу үшін шикізат болып табылатын сазбалшық бар фторлы сутегін электролиз процесіне қайтаруға негізделген технологиялық газдарды құрғақ сорбциялық тазартумен ұсынылған. Ластаушы заттарды ұстау деңгейі 99,4% – дан асады. Тиімділік басқа тәуелсіз ұйымды тарта отырып, тоқсан сайынғы өлшеулермен расталады.

Сондай-ақ қоршаған ортаға теріс әсерді болдырмайтын объектілерге мыналар жатады: шаруашылық – тұрмыстық ағындарды биологиялық тазарту станциясы, өнеркәсіптік ағындарды тазарту станциясы, өндірістік және нөсерлі ағын суларды жинақтағыш тоған, қалдықтарды уақытша орналастыру алаңы және басқалары. «Қазақстан электролиз зауыты»АҚ өндірістің экологиялылығын сақтау жолымен ИСО 14001 «Экологиялық менеджмент жүйесі» халықаралық стандартымен сертификатталған.

Бұдан бөлек, бүгінде санитарлық-қорғау аймағының аумағында 300 000-нан астам жасыл желектер отырғызылған, олар газға төзімді ағаш-бұта көшеттерінен тұрады: терек, сүйелдемелі қайың, шаған үйеңкі, тал, ұсақ жапырақты тұтқыр. Зауыт аумағында көптеген гүлдер гүлдейді, олардың негізгісі таза алюминий символы ретінде раушан болып табылады. Жобамен зауыт аумағын, сондай-ақ айналадағы жасыл белдеулерді жақсарту және абаттандыру бойынша одан әрі жұмыстар қарастырылған.
 

Сондай-ақ оқыңыз