Қостанай облысында орман өртеніп кетті 

Жарияланды
Тілсіз жау 16,9 Га аумақты жалмап өтті

Қостанай облысында орман өрті ауыздықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Қостанай облысы аумағында Қарабалық ауданы Талды ауылынан бір шақырым жерде «Михайлов орман шаруашылығы мекемесі» КММ учаскесінде орман өртін сөндіру жалғасып жатыр. 

Аумағы 13,3 Га құрғақ шөп және 3,6 Га орман ағаш бақалары жанған. Өрттің жалпы ауданы – 16,9 Га құрады. Жоюға «Михайлов орман шаруашылығы мекемесі» КММ 18 қызметкер мен тоғыз бірлік техника, сондай-ақ «Тоғызбай-Агро» ЖШС ерікті өрт сөндіру құрылымдары бір адам мен бір бірлік техника жұмылдырылды.

Орманшылардың үйлесімді және жедел іс-қимылдарының арқасында оттың таралу қаупі жойылды.
 Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің болжамды себебі – отты абайсыз пайдалану.
 

Сондай-ақ оқыңыз