Ұлыбританияның экономикасы құлдырай түсті
Ұлыбритания экономикасы рекордтық құлдырауды көрсетті. Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында ЖІӨ рекордтық 2,2 пайызға төмендеді. Бұл туралы Reuters елдің ұлттық статистика басқармасына (ONS) сілтеме жасай отырып мәлімдеді.
Құлдыраудың бірден бір себебі- тұрғындар үй шаруашылық заттарының шығындарын азайтқан.
«Кәсіпорындардың көпшілігінің жабылып қалуына байланысты», – деді британдық экономист Томас Пуг.
ONS бағалауы бойынша Ұлыбритания экономикасы сәуірде наурызбен салыстырғанда 20,4% құлдырады. Осыған орай, премьер-министр Борис Джонсон 29 маусымда инфрақұрылымға жұмсалатын шығындардың көбейгенін мәлімдеді. Ол бірінші кезеңде ауруханаға және жолды жөндеуге 5 миллиард фунт (6,13 миллиард доллар) бөлуге уәде берді.
Англия Банкінің болжамдары бойынша, биыл экономикалық құлдырау 14% жетуі мүмкін. Бұл үш ғасырдан астам уақыт ішіндегі ең нашар көрсеткіш, яғни 1706 жылдан басталады. Биыл елдегі орташа жалақы екі пайызға төмендейді. Ал жұмыссыздық деңгейі қазіргі төрт деңгейден тоғыз пайызға көтеріледі деп күтілуде.