Медициналық көмек көрсету үшін барлық жағдайлар жасалуда. Елімізде амбулаториялық-емханалық көмекті ұйымдастыру желісі кеңейтілді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният хабарлады, деп жазады coronavirus2020.kz.
Соңғы жүргізілген жұмыстар нәтижесінде, пациенттердің емханаларға бекітілу жағдайы бұзылған. Бір отбасының мүшелері әртүрлі емханаларда, әр жерде бекітілген. Үйде қызмет көрсету аумағынан тыс келген адамдардың санаты пайда болды. Оларға қадамдық қолжетімділік ұсыну қиынға соғып отыр. Емханалар өз жұмысын бірде-бір тоқтатқан емес.
Осы таңда 383 көшпелі мобильді бригадалар жұмыс жасайды:
Олардың бірінші түрі – КВИ-ға тест алуды жүргізу (мейірбикелер жұмыс жасайды).
Екінші түрі – КВИ расталған науқастарға көмек көрсетеді. 165 мың науқас амбулаториялық жағдайда медициналық көмек алуда.
Үшінші түрі – созылмалы (хроникалық) аурулары бар науқастарға көмек көрсетеді.