Ұшақта темекі шеккені үшін 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Алматы қаласы әуежайындағы Желілік полиция бөліміне «Эйр Астана» АҚ әуе компаниясының өкілінен «Ақтөбе-Алматы» бағытындағы әуе кемесінің бортында құқықбұзушы бар екендігі туралы хабарлама келіп түсті», – дейді полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қалижан Қобландин.
«Тексеру барысында көлік полицейлері әуе кемесінің бортында болған Орал қаласының 34 жастағы азаматшасын анықтады. Әуе кемесі командирінің актісі бойынша әуе рейсі қонғаннан кейін құқықбұзушы көлік полицейлеріне берілді», – деп атап өтті Қ.Қобландин.
«Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК 441-бабының 1-2 бөлігімен (Әуе кемесінің бортында темекі өнімдерін және (немесе) электрондық сигареттерді тұтыну) әкімшілік хаттама толтырылып, 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды», – деп қорытындылады Қ.Қобландин.
Биыл қоғамдық орындарда темекі шеккені үшін 1 641 адам жауапкершілікке тартылды