Жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан облысында 20 мыңнан аса доза синтетикалық есірткі тәркіленді

Жыл басынан бері есірткіге байланысты 36 қылмыстық іс анықталды

Полиция қызметкерлері 20 мыңнан аса доза синтетикалық есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде болған брифингте сөз сөйледі. 

Брифинг Facebook әлеуметтік желісінің тікелей эфирінде көрсетілді. Жандос Басыбаевтың айтуынша, адам ағзасына жойқын залал келтіретін синтетикалық есірткілердің таралуы бүгінгі таңда үлкен алаңдатушылық тудыруда.

11 қаңтардан заңнамаға өзгерістер енгізілді, енді интернет-дүкендердің басшылары және есірткіні жасырып кететіндер, жарнама таратушылар да қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Осы күнге дейін ауқымды жұмыс атқарылды. СҚО полицейлері төрт веб-дүкеннің жұмысын әшкереледі, ұйымдастырушылар мен таратушылар ұсталып, сотқа тапсырылды, сондай-ақ жедел тексеріс жүргізілуде. Заңсыз айналымнан 1 кг 253 гр. синтетикалық есірткі алынды, бұл 20 мыңнан аса доза. 

Жыл басынан синтетикалық есірткіге байланысты 36 қылмыстық іс тіркелді.