5 шілдеден бастап бірнеше жолаушы пойызы тоқтатылады

Жарияланды
«Алматы-Сарыағаш» бағытындағы пойыздың жүруі уақытша тоқтатылады

5 шілдеден бастап пойыздардың жүруі тоқтатылу туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының міндетін атқарушы Асылхан Қалдыкөзов айтты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Ағымдағы жылғы 5 шілдеден бастап «Алматы-Сарыағаш» (№321/322) бағытындағы пойыздың жүруі уақытша тоқтатылады.

4 бағыт бойынша пойыздардың жүру кезеңділігі қысқартылады:
• «Алматы-Нұр-Сұлтан» (№3/4) күнара (күнсайынның орнына);
• «Алматы-Павлодар» (№31/32) күнара (күнсайынның орнына);
• «Нұр-Сұлтан-Өскемен» (№67/68) күнара (күнсайынның орнына);
• «Нұр-Сұлтан-Достық» (№257/258) аптасына 1 рет (аптасына 2 рет орнына).

Бұдан басқа, бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес 22 бағыт бойынша қала маңындағы пойыздардың қозғалысы уақытша тоқтатылады, 8 бағыт бойынша жалпы вагондар алынып тасталады, 6 «Talgo» пойызында отыруға арналған орындары бар вагондар жабылады.

 

Сондай-ақ оқыңыз