Жаңалықтар

Сайран көліне шомылуға тыйым салынды

Алмалы ауданының әкімдігінде қатаң шектеу шараларын түсіндірді

Алмалы ауданының әкімдігінде Алматы қаласында ағымдағы жылдың 5 шілдесінен 20 шілдесіне дейінгі кезеңде эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін енгізілетін шектеу шаралары кезінде жұмыстарын тоқтатын нысандар туралы айтылды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Алмалы ауданында келесі нысандардың қызметіне уақытша тыйым салынды:
• Іштерінде азық-түлік супермаркеттері, дәріханалар және жазғы терассалары бар және кіретін есігі бөлек стационарлы тамақтану нысандарынан басқа, 25 СОО, СО және СҮ тыйым салынған;
• Жеңіл конструкциялы шатыр астында орналасқандардан басқа, жабық азық-түліктік және азық-түліктік емес базарлар;
• 19 діни нысан;
• 39 компьютер клубы;
• 4 кинотеатр;
• 309 сұлулық салоны және шаштараздар;
• ойын-сауық мекемелері.

Сонымен бірге, СПА-орталықтар, қоғамдық моншалар, сауналар, массаж кабинеттерінің қызметі тоқтатылды, барлық спорт нысандарына, білім беру орталықтарына, балалардың түзету кабинеттеріне, мектепке дейінгі мекемелерге (кезекші топтардан басқа), балалардың бос уақытын өткізу және қосымша оқыту орындарына, фудкорттарға, банкет залдарына, аумағы 500 шаршы метрден асатын азық-түліктік емес дүкендерге тыйым салынған, алайда тапсырысты жеткізіп беруге рұқсат етілген.

Сондай-ақ, Сайран көліне суға түсуге тыйым салынған.
Қызметтеріне рұқсат етілген ұйымдардың, кәсіпорындардың басшыларына меншік иесінің формасына қарамастан, нысандарда күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді орындап, қызметкерлердің де, келушілердің де санитарлы-карантинді және шектеу шараларын сақтауын қамтамасыз ету керек.

Аудандық әкімдікте хабарлағандай, карантин кезінде жолдың жүретін бөлігіне, тротуарларға, адамдар көп жүретін орындарға іргелес орналасқан аумақтарға, скверлердегі орындықтарға және шағын архитектуралық формаларға, саябақтарға, жасыл аймақтарға, контейнерлі қоқыс алаңдарына, 11 жерасты және 1 жерүсті жаяу жүргіншілердің өтпе жолдарына дезинфекция жүргізіледі.

Ауданда құрамына Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау аудандық басқармасының, жергілікті полиция қызметі және аудандық әкімдік қызметкерлері енген мобильді топтар санитарлы-карантин талаптарының және қатаң шектеу шараларының сақталуын қамтамасыз ету бойынша мониторинг және бақылау жүргізеді.

Алмалы ауданының тұрғындарын оқшаулану қағидасын, маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты қатаң ұстануға шақырады.