Коронавирусты емдейтін фавипиравир атты жаңа препарат қолданылады
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, өткен брифингте коронавирустық инфекцияға қарсы препараттар туралы айтты. Бұл туралы CORONAVIRUS2020.KZ Telegram каналы хабарлады.
Емдеу режимі аурухана деңгейінде кеңейтілді.
Клиникалық хаттамаға жаңа препарат қосылды – фавипиравир. Ол көрші елдерде, Еуропа аймағында және Жапонияда өте белсенді қолданылады. Жақын аранда дәрі стационарлық емдеу кезінде қол жетімді болады. Оны тек КВИ ауруының ауыр түрлерінде қолдануға болады.
«Қазақстанда отандық өндірісті іске қосуды және осы дәрі-дәрмекке деген қажеттілікті өз бетімізше қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз»,- деді министр.
«Біз шетелдік әріптестерімізбен бірге КВИ-ге қарсы вакцинаны тестілеу үшін клиникалық сынақ жүргіземіз. Сонымен бірге халықты вакцинациялау мүмкіндігін зерттеу үшін»,- деді министр.