Елімізде 28 мың адам пневмониямен стационарда жатыр
Жарияланды
Науқастардың 98,9%-ы жағдайы орташа ауыр деп бағаланады
Ел бойынша стационарларда ПЦР нәтижесі теріс пневмониямен 28 науқас ем алуда. Бұл жайында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиниятқызы мәлім етті, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
Науқастардың 98,9%-ы жағдайы орташа ауыр деп бағаланады. Олардың ішінде 330 науқастың жағдайы ауыр. Бұдан басқа, стационарда КВИ-ға ПЦР нәтижесі теріс ЖРВИ диагнозымен 4 мыңнан астам науқас емделуде.
Бүгін барлық өңірлерде емханалар, жедел жәрдем мен медициналық көмекті ұйымдастыру шаралары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл шаралардың жүргізілуін Үкімет жанындағы ВАК басты көрсеткіштерге байланысты есеп беріп отыр.