ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстан аумағына дәрі-дәрмек заттарын әкелу үрдісі жеделдетілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
«Қазақстан Республикасының аумағына дәрі-дәрмек заттарын әкелу үрдісін жеделдету жұмысын жоспарлаған едік. Қазір бұл нормативтік құжаттарға қол қойылды. Дәрі-дәрмек бүгінде жеңілдетілген тәртіппен қоймалардан бөлшектік компанияларға тікелей түсе бастады. Алдағы уақытта ол дәрі-дәрмектер дәріханаларға түседі. Яғни бұған дейінгі кедергілерді жойдық. Қысқа уақыттың ішінде дәрі-дәрімектер нарыққа түседі», – деді министр Алексей Цой.
Сонымен қатар ол Қазақстанның барлық өңірінде дәрі-дәрмек бағасын бақылау жұмысы күшейтілгенін мәлім етті. Әр облыста әкімдіктер жанынан арнайы топтар құрылды, олар дәрі-дәрмектердің белгіленген бағасын қадағалап отырады.