Коронавируске шалдыққандарға тыныс алу жаттығуын жасауға бола ма?

Жарияланды
Сонымен қатар, D және C дәруменін шектен тыс  көп ішуге болмайды

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана медицина университетінің жедел медициналық көмек, анестезиология және қарқынды терапия кафедрасының меңгерушісі Нұрила Малтабарова тыныс алу жаттығуының пайдасы мен зиянын түсіндірді.  Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы  ресми Telegram каналы хабарлады.

Дәрігердің айтуынша, науқас қатты ауырып жатқанда тыныс алу жаттығуын жасауға болмайды және міндетті түрде дәрігерге жүгінген жөн. 

 «Тыныс алу гимнастикасы қалпына келтіру мен медициналық оңалту  кезінде пайдалы, ол хаттамада бар. Бірақ, пациенттің жағдайы ауыр болса, тыныс алу гимнастикасын жасауға болмайды, мұндай жаттығу адам денсаулығын қиындатып жіберуі мүмкін. Науқас стационардан емделіп шыққаннан кейін,  реабилитологтың ұсынысымен  ғана жаттығу жасауы қажет», – деді Нұрила Малтабарова.  

Сондай-ақ, мамандар иммунитет көтеретін дәрумендерді де байыппен ішуге кеңес береді. 
Баян Тұрдалина, Астана медицина университеті балалар инфекциялық аурулары кафедрасының меңгерушісі, дәрігер-инфекционист:

 «Дәрумендерге бай дұрыс тамақтану керек, стресстің алдын алып, спортпен шұғылданыңыз және барынша позитивті көңіл-күйді жүруге тырысыңыз. Дәрумені көп таңқурай, қарақат сынды жеміс-жидекті тұтыныңыз. Ал D және C дәруменін көзсіз көп ішуге болмайды. Мәселен, бұл дәрумендер балаға салмағына қарай тағайындалады”.

Дәрігер-инфекционистің пікірінше, иммунитетті көтеру үшін, әсіресе, күндізгі және түнгі ұйқының дұрыс болғаны жөн.

Сондай-ақ оқыңыз