Шымкентте тегін берілетін дәрі-дәрмекті сатқандар анықталды

Жарияланды
229 дәрі түрі тәркіленді

Шымкент қаласында дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен заңсыз сатудың онға жуық жайты анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Шымкент қаласының Полиция департаментімен қала аумағында карантин уақытында қажетті дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігін пайдаланып, жоғары сұранысқа ие болған респираторлық вирустық ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен пайда табу үшін сатқан дәріхана қызметкерлері мен тұрғындарды анықтау мақсатында жедел-профилактикалық іс-шара жүргізілді.

Қабылданған шаралар нәтижесінде дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен заңсыз сатудың онға жуық жайты анықталды. Жедел іс-шаралар барысында Әлімқұлов көшесі, бес үйдің ауласында үш қойма анықталды. Онда тексеру барысында полиция қызметкерлерімен шақырылған фармацевт мамандарға қойма иесі дәрі-дәрмектерді сатуға арналған арнайы лицензиясын көрсетті. 

Алайда бұл лицензия басқа ғимаратқа арналғаны туралы фармацевт мамандар баяндады. Аталған қоймаларда дәрі-дәрмектер заңсыз сақталған. Фармацевт мамандар қоймада анықталған дәрі-дәремкті үш топқа бөліп, әрбір дәрі-дәрмектің қайда қолданылатыны туралы түсінік берді. Бірінші топ – Қазақстан Республикасының аумағында тіркелмеген және сатуға рұқсат берілмеген дәрі-дәрмектер.

Олар «Конвулекс», «Энцефобол», «Алоэ экстракт инъекция үшін» және тағы басқалар. 

Екінші топ – респираторлық вирустық ауруларды емдеуге арналған жоғары сұранысқа ие болған дәрі-дәрмектер. Олар «ЦЕФ 3», «Цефтриаксон», «Ингавирин», «Гордокс», «Дексаметазон» және тағы басқалар. 

Үшінші топ – Қазақстан Республикасында медицинада тіркеуде тұрған азаматтарға тегін берілетін дәрі-дәрмектер. Олар «Депакин», «Методжект» және тағы басқалар.

Сондай-ақ, қоймадағы дәрі-дәрмектердің сақталуына ешқандай жағдай жасалмаған және сақталу талаптарын өрескел бұзып тұрғанын анықтады. 

Яғни дәрі-дәрмектер емдеу қасиеттерін жоғалтып, адам өміріне қауіпті екенін түсіндірді. Бұдан басқа, қойманың бет жағында дәріхананы белгілейтін жарнамасы жоқ. Фармацевт мамандарының қатысуымен барлық 229 дәрі-дәрмектердің түрлері айғақты зат ретінде алынды. 

Мысалы: 12. «ЦЕФ 3» – 130 қорап 13. «Ингавирин» – 80 қорап 14. «Дексаметазон» – төрт ампула 15. «Алоэ экстракт инъекция үшін» – 120 қорап 16. «Методжект» – 480 қорап 17. «Глюкоза» таблетка – 3120 тақтайша 18. «Глюкоза» бутыль – 27 19. Стекловидное тело – 2160 20. Парацетамол – 18 қорап 21. Ферсинол – 2160 22. Аскрупин – 2160 

Барлық анықталған жайттар бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға берілетін болады.
 

Сондай-ақ оқыңыз