Қазақстан өзбекстандық жемістер мен көкөністердің негізгі сатып алушысы
Қаңтар-маусым айларында Өзбекстан 415 миллион долларлық 719 мың тонна ауылшаруашылық өнімдерін экспорттады, -деп хабарлады Өзбекстан Республиканың Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Өзбек елінің жемістері мен көкөністері 59 елге экспорттайды. Экспорттың негізгі бөлігі көкөністерге тиесілі – $ 144,4 млн бағамен 451,2 мың тонна; $ 143,3 млн бағамен 138,7 мың тонна жемістер жеткізілді, бұршақ және жүзім экспорты сәйкесінше 50 және 28,7 мың тоннаны құрады ( $ 49,8 млн және $ 32,2 млн). Жаңғақтар 13,4 миллион долларға 4,4 мың тонна экспорттады, сонымен бірге 2,4 миллион долларға 4,4 мың тонна қауын жеткізілді.
Өзбекстандық жемістер мен көкөністердің негізгі сатып алушысы Қазақстан болды. Алты ай ішінде бұл елге экспорт көлемі ақша түрінде 130,2 миллион долларды құрады.Ресейге 106,8 миллион долларлық өнім, Қырғызстанға 70,8 миллион долларлық өнім жіберілді. Ауғанстан Өзбекстаннан 24,2 миллион долларлық ауылшаруашылық өнімдерін сатып алды. Қытай мен Пәкістанға жеткізілімдер тиісінше 13,4 және 12,3 миллион долларды құрады.
Курсивтің хабарлауынша, жақында Өзбекстан Мьянма мен Ганаға жеміс-жидектер мен көкөністерді экспорттауға фитосанитариялық рұқсат алды.