Алматы облысының бас санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов пневмониядан қайтыс болды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Бүгін Қайрат Қажыманұлынан айырылып қалдық (…) Пневмония», – деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов марқұмның жақындарына көңіл айтты.
«Қайрат Қажыманұлының туған-туыс жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Ол Гиппократ антына берік болып, індетпен күрес кезінде көз жұмды. Иманды болсын», – деп жазды Амандық Баталов Facebook парақшасында.
Қайрат Баймұхамбетов 16 қаңтар 1964 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 2019 жылдың 23 мамырынан бастап Алматы облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметін атқарады.