Тоқаев індет елді азық-түлікпен қамтамасыз етудің әлсіз тұстарын көрсетіп берді
Жарияланды
Азық-түлік тауарлары бағасының қымбаттау индексі елдегі инфляция индексінен 1,6 есеге асты
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында пандемия кезінде халықтың табысы азайғанын айтты. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметінің Twitter-дегі парақшасында хабарлады.
«Індет елді азық-түлікпен қамтамасыз етудің әлсіз тұстарын көрсетіп берді. Пандемия кезінде халықтың табысы азайды, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қымбаттай түсті. Азық-түлік тауарлары бағасының қымбаттау индексі елдегі инфляция индексінен 1,6 есеге асты», – деді Тоқаев.