Тоқаев жер шетелдіктерге сатылмайды

Жарияланды
Бұл мәселеге енді оралмаймыз

Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлім етті, деп жазды Ақорданың Twitter парақшасында. 

   «Игерілмеген және тиімсіз игерілген жерлерді анықтап, оны алып қою мақсатымен ғарыштан мониторинг жасауды заңнамалық тұрғыдан бекіттік. Түгендеу барысында анықталған 12,8 млн гектар игерілмеген жердің 7 млн гектары мемлекетке қайтарылды. Жерді алдың ба, оны игеру керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Президент 2021 жылы Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторий аяқталатынын айтты. 

  «Осыған байланысты бұл мәселе жөнінде түпкілікті шешім қабылдауымыз керек. Негізгі мәселені айқындап алдық. Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл мәселеге енді оралмаймыз», – деді Тоқаев.
 

Сондай-ақ оқыңыз