Алматы қаласында дәрілік заттарды көтеріңкі бағамен сатқан дәріхана мен фармацевтикалық компания қызметкерлері ұсталды. Бұл туралы ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен дәрілік заттардың жетіспеушілігін қолдан жасаған тұлғаларды анықтауға қатысты іс-шара жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың 9 шілдесінде көлеңкелі нарықта дәрілік заттарды көтеріңкі бағада сатумен айналысқан дәріхана мен фармацевтикалық компаниялардың жұмысшылары ұсталды.
Әлеуметтік қауіп-қатер дәрілік заттардың нақты жетіспеушілігі туындағанға дейін қоймаларда сақталуына байланысты болып отыр. Нарықтық жағдайға сәйкес тапшылық туындағанда бағалар өседі. Фармацевттер өз кезегінде керекті дәрі-дәрмек көлемін дәріхана желілеріне жеткізбей, оларды көлеңкелі нарықта 30-50 пайызға қымбаттатып сатады.
Іс-шара барысында жалпы сомасы 4,7 млн. теңгені құраған 500 бума Ингавирин, Азитромицин, Зомакс дәрі-дәрмектері табылды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 214 бабының 1 б. (заңсыз кәсіпкерлік) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Алматы қаласы бойынша ЭТД заңсыз кәсіпкерлік қызметтің заңмен қудаланатынын хабарлайды.