ҚР Үкіметі Атырау облысына дәрігерлер жіберіп, дәрі-дәрмек жеткізеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де жазды.
«Атырау облысындағы ахуал туралы қоғам өкілдерінің шағымдарымен таныстым. Премьер-Министрдің орынбасары бастаған комиссия аймаққа барып қайтты. Үкімет өңірге дәрігерлер жібереді, дәрі-дәрмек жеткізіп, көмектеседі», – деп жазды Тоқаев Twitter парақшасында.