Дәрігерлер медицина университеті мен колледждің 200-ден астам түлегін пандемия жағдайында жұмыс істеуге үйретіп, оқытудан өткізді. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram-да жазды.
«Қазіргі уақытта олардың барлығы жұмысқа алынып, COVID-19-бен күреске ат салысып жатыр. Қазір 120 түлек оқудан өтуде. Медицина университеті мен колледждің 500-ден астам түлегі COVID-19-бен күреске жұмылдырылды. Олар емханалар, ауруханалар, стационарлар мен жедел жәрдем станцияларына бөлініп, жұмысқа кірісіп үлгерді. COVID-19 науқастарын емдеуге арналған төсек-орындар санын көбейту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатырмыз. Пандемия басталғалы жұқпалы аураулар төсек-орындары саны мыңнан 4 мыңға дейін ұлғайтылды. Осылайша, стационарлар саны 3-тен 14-ке дейін көбейді. Эпидемиологиялық ахуал күрделенуі мүмкін екені ескеріліп, тағы 1,5 мың орындық резерв дайындалды. Ол үшін арнайы жабдықталған 800 төсек-орын сатып алынады», – деп жазды Алтай Көлгінов Instagram-да.
Жақын арада, бұрын сатып алынған заттардан басқа, өкпені жасанды желдететін 200 қондырғы, 500 флуометр, 500 оттегі концентраторы, екі компьютерлік томограф әкелінеді.