Жаңалықтар

Амандық Баталов коронавирустан жазылды

Алматы облысының әкімі  ақ халатты абзал жандарға ерекше алғыс білдірді

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ауруханадан шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

  «Бүгін ауруханадан шықтым. Өз тарапымнан мені қолдап, көңіл білдірген жерлестеріме, достарыма және туған-туыстарыма алғыс айтамын. Ал ақ халатты абзал жандарға алғысым ерекше. Олардың ерлікке теңерлік еңбегі мен ісіне деген адалдығына тәнті болдым. Енді жұмысқа кірісіп, сіздермен бірге індетпен күресті жалғастырмақпын. Бір жеңнен білек шығарып қана осы дерттің бетін қайтара аламыз. Өздеріңізге және жақындарыңызға саулық тілеймін», – деп жазды Амандық Батталов Facebook-парақшасында. 

Амандық Баталовтан 22 маусым күні коронавирус анықталғаны хабарланған еді.