Н.Назарбаев орталығының басқарма төрағасы Алтай Абибуллаев өзінің фейсбук парақшасында Қазақстандықтардың біріңғай зейнетақы қорына жиған жарналарын депозитке салып, сақтауға болатындығын айтады. Өз парақшасында ол Президент Қ.Тоқаевқа әлеуметтік-экономикалық тығырықтан шығу жолын былай көрсеткен:
Қ.Тоқаев саяси жүйені өзгеру мақсаты туралы айтылды. Әлеуметтік-экономикалық дағдарыс кезінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын реформалау кезінде азаматтардың жинаған ақшаларын баспанаға, білімге, емделуге жұмсауға бағыттауды ұсынылды. Егер БЖЗҚ толықтай жаңартып немесе креативті өзгеріске ұшырату керек болса, онда азаматтардың ақшасын толықтай банктік депозитке аудару керек.
Одан не ұтамыз:
1. Біз ешкімге пайдасы жоқ БЖЗҚ атты ұйымнан құтыламыз;
2. Зейнетақы қорына жиналған жарналар банк пен азаматтар тарапынан да ешкім қол сұға алмайды;
3. Зейнетақы жарналары депозит нарығында капитилизацияға айналып, одан түскен пайыздар салымшыларға да пайда әкеледі;
4. Банк арқылы азаматтар өз жиғандарына бақылау жасай алар еді;
Егер банк банкрот болған жағдайда, салымшылар Қазақстанның кепілдік қорынан 5 миллионнан 15 млн теңгеге дейін азаматтар қайтарып алу құқығына ие болады;
5. Ең бастысы, азаматтар зейнетақы жарналарын қай банккке ұстағысы келеді өздері шешетін болады. Процентін де өздері шешеді. Ал банктер клиенттер үшін бәсекеге түсіп, қызметтерін жақсартады;
6. Мемлекет екінші деңгейлі банктерге қаржылай көмек көрсетуден босап, олар шағын және орта бизнесті қолдайтын ақша бөлетін еді;
7. Ол үшін банкке, зейнетақыға, БЖЗҚ қатысты заңнамаға өзгеріс енгізу қажет. Ал, бұл өзгерісті қолдамайтындар қорда өз жарналарын сақтай беруіне болады.