Елордада құрылыс қалдықтарын қайта өңдеу кешені салынады

Жарияланды
Бұл экологиямызға да үлкен септігін тигізбек 

Нұр-Сұлтанда құрылыс қалдықтарын жинау және өңдеу үшін алаң құрылысы басталды. Мұнда кірпіш, асфальт, бетон қалдықтарын өңдейтін ұсақтау кешенін орнату қарастырылған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

 «Елорданың шеткері аймақтарына құрылыс қоқысы заңсыз шығарылып жатыр. Бұл экологияның нашарлауына және қоқыс тастауға рұқсат етілмеген орындар санының артуына ықпал етеді. Осындай фактілерге жол бермеу үшін қалада құрылыс қалдықтарын жинау және өңдеу үшін алаң құрылысы басталды. Сонымен бірге бұл «Северная гряда» карьерін одан әрі қалпына келтіруге мүмкіндік береді», – деп жазды Алтай Көлгінов өзіңнің «Инстаграм» парақшасында. 

Елорда әкімінің айтуынша, бұл бірнеше маңызды міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

  «Біріншіден, құрылыс қалдықтарын жинауға арналған,орталықтандырылған, бір-ақ орын болады. Екіншіден, алаңда кірпіш, асфальт, бетон сияқты құрылыс қалдықтарын өңдеуге арналған ұсақтау кешенін орнату қарастырылған. Бұл шикізаттың бір бөлігін қайта пайдалануға мүмкіндік береді, сонымен қатар қалдықтарды кәдеге жарату процесін жеңілдетеді. Үшіншіден, қайта өңделген құрылыс қалдықтарын карьерді қалпына келтіру үшін де пайдалануға болады», – деді Алтай Көлгінов.

 

Сондай-ақ оқыңыз