Жаңалықтар

Тоқаев екі дәрігерді қайтыс болғаннан кейін марапаттады

Мемлекет басшысы жарлыққа қол қойды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде еңбегі сіңген бірқатар медицина қызметкерлерін арнайы наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен жанқиярлығы үшін:

Жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері! атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:

Исаев Олег Николаевич (марқұм) – Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасы» МКК бөлімше меңгерушісі.

Қозбағаров Қалихан Есбосынұлы (марқұм) – «Облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКК бас дәрігері, Ақтөбе облысы.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 13 шілде

№ 370