Елімізде медициналық бетперде 28%-ға арзандатылды

Жарияланды
Атырау облысынына көмекке 102 жоғары білікті маман жіберілмек

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжановтың төрағалығымен өткен Ведомствоаралық комиссияның отырысында еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша бірқатар маңызды шешімдер қабылданды.  Бұл туралы CORONAVIRUS2020.KZ Telegram  каналы хабарлады.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Атырау облысының кадрлық әлеуетін нығайту мақсатында өңірге 102 жоғары білікті маман, Маңғыстау облысына 56 маман жіберілетін болды;
Бір рет қолданылатын үш қабатты медициналық масканың бөлшек саудадағы шекті бағасы 118 теңгеден 85 теңгеге дейін, яғни 28%-ға арзандатылды.

Отандық өндірістің көлемін ескере отырып, бүгінгі күні өңірлерде дене қызуын түсіретін және бактерияға қарсы препараттардың айлық қоры қалыптастырылды. Қазақстан Республикасына дәрілік заттардың 3,5 млн орамасы жеткізілді, олар өңірлер арасында бөлініп, таратылады. Осы аптада қажетті қосымша дәрілік заттарды жеткізу ұйымдастырылады.

Белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталмауына байланысты, денсаулық сақтау, ішкі істер министрліктеріне, өңірлердің әкімдіктеріне карантин режимінің анықталған бұзушылықтарын жоюға бағытталған барлық шараларды қабылдай отырып, мобильді топтардың жұмысын күшейту тапсырылды.

Сонымен қоса, стационарлардағы пациенттерді оттегімен қолдауды қамтамасыз ету мақсатында өңірлердің әкімдіктері шұғыл түрде 2600-ден астам оттегі концентраты мен медициналық газдарды сатып алуда.

Сондай-ақ оқыңыз