Өткен тәулікте республикада 32 орман және дала өрті орын алды

Жарияланды
Жалпы ауданы 10648 мың га құрады

Ауа райының тұрақты ыстық болуына байланысты республикада жоғары өрт қауіптілігі сақталады. 
Ағымдағы жылғы 14 шілдеде өткен тәулікте республика бойынша 32 орман және дала өрт оқиғасы тіркелді. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады. 

Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Іле, Талғар, Кербұлақ аудандарындағы және Қапшағай қаласындағы, Ақтөбе облысының Әйтеке би, Мұғалжар, Темір, Байғанин, Қобда, Хромтау аудандарындағы, Атырау облысының Қызылқоға ауданындағы, Батыс Қазақстан облысының Сырым, Қаратөбе, Жәнібек, Шыңғырлау, Бөрілі, Бәйтерек аудандарындағы құрғақ шөптің жануы жойылды. 

Аталған өңірлерде дала жануларының жалпы ауданы 10648 мың га құрады, оның ішінде Атырау облысында – 4405 га және Ақтөбе облысында – 5000 га өрт ауданы айтарлықтай ауқымды. Жануларды жоюға ТЖД, ерікті өрт сөндіру құраламаларының, орман шаруашылығының күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Батыс Қазақстан  облысындағы 2 өрт және 4 жану ТЖК бақылауында, олар Ақжайық ауданының «Бударин орманшылығы» КММ және «Чапаев орманшылығы»  КММ орман алқабының жануы, сондай-ақ Теректі, Ақжайық, Тасқала аудандарындағы құрғақ шөптің жануы. Өрттерді жою шаралары қабылдануда.

ІІМ ТЖ комитеті азаматтарды дала және орман алқаптарында болған кезде қауіпсіздік қағидаларын сақтауға шақырады.Табиғи өрттердің орын алуының негізгі себептері халықтың отты абайсыз пайдалануы, сөндірілмеген темекі, алау, жанып жатқан сіріңке, атудан кейінгі тығынның бықсуы, майлы немесе тозығы жеткен шүберек, шыны бөтелке, күн сәулесінің сынуы, көлік құралының сөндіргішінен ұшқын, құрғақ ескі шөпті жағу, найзағайдың ойнауы. 
    
 

Сондай-ақ оқыңыз