Пневмония коронавирус статистикасында неліктен есепке алынбайды

Жарияланды
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен келіссөз жүргізіліп жатыр

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова пневмония коронавирус статистикасында неліктен есепке алынбайтынын түсіндірді, деп хабарлайды coronavirus2020.kz. 

   «Біз қазір халықаралық ұйымдармен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Бүгінгі күні ДСҰ ұсынымына сәйкес, статистикаға ПТР-дің оң нәтижесі бар жағдайлар ғана кіріп отыр. Сонымен қатап еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі дәл осы мәселеге байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау министрлігіне сұраныс жіберілді. Келіссөздер арқылы есепке алынуы тиіс мәліметтерге қатысты ортақ шешімге келеміз. Әрбір елдің статистика мен есепке алуға қатысты өз жолы бар. Біз соны біріздендіріп, барлық елмен қатар жүргіміз келеді», – деді Людмила Бюрабекова.

 

Сондай-ақ оқыңыз