Алматыда пневмониямен ауруханаға түскен науқастар саны 2 есе төмендеген

Жарияланды
Қала әкімі ауруханадағы жағдайды күн сайын қадағалап отырады

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы Akimat Live бағдарласында өкпесі қабынып емханаға түсіп жатқан науқастардың саны 2 есеге төмендегенін айтты. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қала әкімі маусым айында науқастар санының өскенін айтты.

   «Жыл басынан бері қарай өкпе қабынуына ұшыраған 6175  науқас жазылып шықты. Егер осы дерт шарықтап тұрған кезде емдеу орындарына 300 науқас түссе, қазір олардың саны – 133», – деді Бақытжан Сағынтаев.

Сағынтаев, ауруханадағы жағдайды күн сайын қадағалап отыратынын айтты. 

   «Мен ірі әрі көпбейінді ауруханалардың бас дәрігерлерімен күнделікті сөйлесіп отырамын және қанша адамның емделіп жатқанын, ауруханалардағы жағдай туралы хабардар боламын. Мысалы, ауру шарықтап тұрған кезде 7-ші клиникаға 100 науқасқа дейін түсетін, соңғы кездері емделуге жатқызылатындар саны 15-20 адам. 4-ші клиникада да, ЖМЖА-да, 1-ші клиникада да науқастар саны күрт азайған. Яғни, өкпе қабынуына ұшыраған науқастарды емдеу орындарына жатқызу 2 есеге төмендеді», – деді қала әкімі.
 

Сондай-ақ оқыңыз