«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының құрамына кіретін «Tamasha TV» телеарнасы 2020 жылдың 27 шілдесінен бастап хабар таратуын тоқтатады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әлемдік пандемия бұқаралық ақпарат құралдары саласына кері әсерін тигізуде. Қазақстан теленарығындағы жарнамадан түсетін табыс күрт төмендеді. Осы күнге дейін «Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Tamasha TV» телеарнасы жарнамадан түсетін табыс негізінде қаржыландырылып келген.
«Tamasha TV» телеарнасы Қазақстандағы ойын-сауықтық бағыттағы алғашқы арна болып 2018 жылдың 1 қыркүйегінде эфирге шыққан болатын. Телеарна контентін You Tube желісіндегі http://youtube.com/qazaqstantv «Qazaqstan TV» каналынан көруге болады.