Ағымдағы жылдың 6 айында Қазақстанда көлік құралдарының барлық түрінің 32 701 бірлігі өндірілді, бұл 2019 жылғы қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда 58,6% – ға артық, сол кезде шығарылым 20 608 бірлікті құраған болатын. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады.
Қазақстандық автобизнес қауымдастығы сарапшыларының мәліметінше, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы сомасы 19 млрд теңгеге 2 475 жеңіл және коммерциялық автокөлік экспортталды., ал 2019 жылдың ұқсас кезеңінде барлығы 2,2 млрд. теңге сомасына 607 автомобиль экспортқа жіберілді.
2020 жылы автокөлік экспорты келесі елдерге келді:
Өзбекстан Республикасы – 16,0 млрд. теңге сомасына 1804 автокөлік (2019 жылы-0);
Ресей Федерациясы-2,7 млрд. теңге сомасына 618 автокөлік ,(2019 жылы 2,17 млрд. теңге сомасына 598 авто);
Қырғыз Республикасы-163 млн. теңге сомасына 48 автокөлік (2019 жылы 5,5 млн. теңге сомасына 1 автокөлік);
Беларусь Республикасы-32 млн.теңге сомасына 5 автокөлік (2019 жылы 72 млн. теңге сомасына 8 автокөлік ).