Жаңалықтар

Енді eGovMobile қосымшасы арқылы 7 жаңа қызметке қол жеткізе аласыз. Ол қандай қызметтер?

«Азаматтарға арналған үкімет» жаңалықтарымен таныс болыңыз

Қазір бірқатар құжаттар мен қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға және іске асыруға болады. Тек ноутбук, смартфон һәм қолжетімді интернетіңіз болса жеткілікті. Кей жағдайда тіпті компьютердің өзі қажетсіз. Себебі, «Азаматтарға арналған үкімет» енді мобилді қосымшада жаңа мүмкіндіктер ұсынып жатыр. 

«Ұлттық ақпараттық технологиялар»  АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов «мемлекеттік қызметтерді ұсынудың қолжетімді және ыңғайлы арнасын құру – біз үшін басым міндет» дейді. 

«Азаматтар бұдан былай қосымшадағы QR-кодты сканерлеу арқылы eGov.kz порталында авторизациялана алады. ХҚКО-да QR-кодтың көмегімен мемлекеттік бажды төлей алады. Бұдан басқа, жақында eGovMobile-де QR-кодты сканерлеу арқылы eGov.kz порталында қызметтерге қол қою функциясы іске қосылады»,– дейді Әсет Тұрысов. 

Осындай жеңілдіктерден кейін азаматтар стационарға емдеуге жатқызуға жолдама алу, жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама алу, әскери қызметке қатысты анықтама алу сияқты жұмыстарды онлайн атқара алады. 

Ал ЭЦҚ eGovMobile мобильді қосымшасының контейнерлік қоймасында сақталады. Ол жүктеу және шығару үшін қол жетімді емес. Осы арқылы жобаны жасаушылар деректердің жойылып кетпеуін қамтамасыз етіп отыр. 

    Мобилді қосымша арқылы пайдаланушылар үшін келесі қызметтер қолжетімді: 

•    «Цифрлық құжаттар» – eGovMobile қосымшасында жеке электрондық құжаттарды сақтау қызметі. PDF форматында жеке құжаттың электрондық көшірмесін жіберу, үшінші тұлғаға мессенджерлер арқылы немесе «Бөлісу» батырмасын басу арқылы мобильді құрылғыда электрондық поштаны пайдалана отырып жіберу мүмкіндігі бар.  

•    «Электрондық еңбек биржасы» – жұмыс іздеуге арналған сервис. Ол жерде түйіндеме жасауға, жұмыс берушілерден сұхбаттасуға шақыру алуға, қалаған бос жұмыс орнына жазылу және поштаға хабарлама алуға, тіпті кәсіби бағдарлау бойынша тестілеуден өтуге және ең жақын мамандықтарды анықтауға болады.

•    «Денсаулық паспорты». Пайдаланушының денсаулық жағдайы туралы құрылымдалған ақпарат, сондай-ақ медициналық ұйымға тіркелу деректері, диспансерлік есеп, стационарлық деректер, зертханалық зерттеулердің нәтижелері және т.б. сақталатын клиникалық құжатты алуға мүмкіндік береді. iOS-те «Денсаулық» бағдарламасына құжатты шығару мүмкіндігі де бар.

«Достарды eGovMobile-ға шақырыңыз»  белгішесін басу арқылы достарыңыз бен жақындарыңызды осы жобаны пайдалануға шақыра аласыз. Қосымшаны GooglePlay және AppStore-да жүктеп алуға болады.