Жаңалықтар

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақталуда

Ауру жұқтырудың тәуліктік өсімі 4%-дан 1,7%-ға дейін азайды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин елдегі эпидемиологиялық жағдай мен коронавирус инфекциясына қарсы күрес шаралары туралы Үкімет отырысын өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz. 

Биыл 2 тамызда аяқталатын карантин режимі кезеңінде Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақтанды, медицина ұйымдарының жүктемесі біршама азайды. ҚР-да COVID-19-дан сауығып кеткендердің саны 63%-дан асты.

Ауру жұқтырудың тәуліктік өсімі 4%-дан 1,7%-ға дейін азайды, стационарлардағы орындардың жүктемесі 46%-ға дейін, жедел жәрдемді шақыртулар саны 38%-ға төмендеді. Өңірлер дәрі-дәрмектің жеткілікті қорымен қамтамасыз етілген. 

    «Эпидемиологиялық жағдайды одан әрі жақсартуымыз қажет. Бүгін Денсаулық сақтау министрлігі карантиндік шараларды біртіндеп алу жоспарын ұсынып отыр. Ағымдағы жағдайды және осы айдың қорытындысын ескере отырып, Мемлекеттік комиссияның отырысында бұл Жоспар қарастырылып, тиісті шешім қабылданатын болады», – деді Асқар Мамин.