Алматыға қойларды кіргізбеу үшін 14 полиция бекеті қойылады

Жарияланды
Онлайн құрбандық шалудың нақты алгоритмі жарияланды

Алматы қаласында құрбан айт мерекесінде 14 полиция бекеті жұмыс істейді, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23 шілдедегі № 53 қаулысына сәйкес Алматыға кіре берісте қалаға жануарлардың әкелінуінің алдын алу және жолын кесу үшін бекеттер ұйымдастырылды. 

 «Көлік, оның ішінде жануарларды тасымалдауы мүмкін болатын жүк көліктері тоқтатылатын болады. Осыған байланысты біз азаматтарды саналы болуға, заңға бағынуға және ең алдымен коронавирустық инфекцияны азайтуға бағытталған талаптарды қатаң сақтауға шақырамыз. Алдында құрбандық шалудың нақты алгоритмі жарияланған болатын және жаһандық пандемия жағдайында оны ұстанған дұрыс, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Алмасбеков.
 

Сондай-ақ оқыңыз