ДДСҰ: Коронавирус пандемиясы бір үлкен толқынмен өтеді
Жарияланды
COVID-19 таралуының маусымдық сипаты жоқ
Коронавирус індетінің таралуы тұмауға қарағанда, маусымдық сипаты жоқ, дейді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Маргарет Харрис. Бұл туралы РИА Новости жазды.
Оның айтуынша, адамдар вирустың өршуі жыл мезгілдеріне байланысты деп санайды, бірақ коронавирус індеті кез-келген ауа-райын жақсы көретін жаңа індет екенін түсінуіміз керек.
«Бұл «бір үлкен толқынмен» өтеді. Оның барысында жұқтырғандар саны бір өсіп, азаяды», – деп түсіндірді ДДСҰ өкілі.