Жоғары оқу орындарындағы оқытушылардың жалақысы өседі
Жарияланды
Жалақы 20-30 пайызға көтеріледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ұлттық сенім кеңесінің отырысында берген тапсырмасына сәйкес ЖОО-дағы грант құнын өсіру туралы Үкімет қаулысы қабылданды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми Telegram-каналы хабарлады.
Бұл шара ҚР БҒМ қарасты жоғары оқу орындарындағы екі мәселені шешуге мүмкіндік береді:
*жоғары оқу орындарындағы профессорлық-оқытушылық құрамның жалақысын өсіру;
*университеттердегі материалдық-техникалық базаны нығайту.
2019-2020 оқу жылында жоғары оқу орындарында оқытушылардың жалақысы орта есеппен 20 пайызға өскен болатын.
Ал 2020-2021 оқу жылында оқытушылар жалақысы шамамен 21-32 пайызға дейін көтерілетін болады.