Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері 93 егіз дүниеге келген

Жарияланды
Күн сайын 60-тан 110-ға дейін бала туылады

Алты айда қалада 14 012 бала дүниеге келді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Алты ай ішінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша барлығы 14 012 бала дүниеге келді, деді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары міндетін атқарушы Татьяна Бишораева. 

Қызық дерек: бала туу көрсеткішінің төмендігіне қарамастан, аталған кезеңде елордада егіздер мен үшемдер көп дүниеге келген. 

Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан перзентханаларында 93 егіз (өткен жылы аталған уақыт бойынша – 77) және 3 үшем (2019 жылы 1) дүниеге келді. 

Күн сайын елордада 60-тан 110-ға дейін бала дүниеге келеді.
 

Сондай-ақ оқыңыз