Екі апталық карантинге үкімет 21 250 теңге төлейді
Жарияланды
Бұл 42 500 теңгенің жартысы ғана
Ұзартылған екі аптаға 42 500 теңгенің жартысы төленеді. Бұл туралы CORONAVIRUS2020.KZ Telegram каналы хабарлады.
«Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасы бар. Екі аптаға карантин созылды. Төлем беріледі. Бірақ 42 500 теңгенің жартысы 21 250 теңге төленеді»,-деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов.
17 тамыз санитарлық талаптарға сай келетін нысандар жұмысқа кіріседі. Алдағы екі апта осы ашылу шарасына дайындық жүргізіледі.