Шымкентте «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Шымкент қаласы аумағында шілде айының 20-31 аралығында «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның тоғыз күнінде Ішкі істер органдарына 261 жасөспірім жеткізілген. Оның ішінде тоғыз жасөспірім құқық бұзушылыққа бейім санатымен есепке қойылды. Ал кәмелетке толмағандар тәрбиесіне қатысты 259 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Сондай-ақ түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде болған 252 жасөспірім анықталып, олардың ата-аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық хаттама толтырылды