Мәскеуде мұғалімдерді коронавирусқа тексерді
Жарияланды
5500 қызметкерде індет анықталды
«Мәскеуде білім беру саласының барлық қызметкерлері коронавирусқа оқу жылы басталғанға дейін тексерілді. 180 мыңнан астам адам тестілеуден өтті», – деді қала әкімінің орынбасары Анастасия Ракова. Бұл туралы ВВС сайты хабарлады.
Оның айтуынша, 5500 қызметкерде коронавирус анықталды, яғни 3%.
«Олардың барлығы дәрігердің бақылауында болады және оларға мектепте жұмыс істеуге рұқсат берілмейді», – деп келтіреді Мәскеу мэрінің сайты Раковтың сөзін.
24,1 мың адамда (13,3%) коронавирусқа антиденелер пайда болған. Тек мұғалімдер ғана емес, асхана қызметкерлері, күзетшілерде тексерілді.
Мәскеуде және басқа қалаларда 1 қыркүйекте мектепте оқу басталады.