Атыраудан 3 облысқа қатынайтын пойыздар тоқтатылды
Жарияланды
Алматы қаласы, Ақтөбе және Маңғыстау облысына пойыздар жүрмейді
Атырау облыснда карантин 17 тамызға дейін ұзартылып, бірқатар пойыз жұмысын тоқтатты. Бұл туралы облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Ғайнеденовтің 2 тамызда қол қойған қаулысында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бас санитарлық дәрігердің қаулысында «Атырау облысында уақытша шектеу шаралары 2020 жылғы 3 тамыз сағат 00:00-ден 17 тамыз сағат 00:00-дейін ұзартылсын» -делінген.
Қаулыға сәйкес, Алматы қаласына, Ақтөбе және Маңғыстау облысына қатынайтын пойыздар жүрмейді.
Ал, тұрғындар мен автокөлік қатынасына түнгі сағат 23:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін тыйым салынып отыр. Еске салсақ, бұған дейін Атырау облысында 3 тамыздан бірқатар қызмет түріне қайта тыйым салынатындығы туралы хабарлаған болатынбыз.