Қазақстан ДДСҰ-ның соңғы стандарттарына сәйкес науқастардың бәрін есепке тіркеуге дайын

Жарияланды
Статистиканы 1 тамыздан бастап КВИ мен пневмонияны біріктіру туралы шешім қабылданды

Елімізде ДДСҰ-ның соңғы стандарттарына сәйкес науқастардың бәрін есепке тіркеуге дайын. Бұл туралы CORONAVIRUS2020.KZ Telegram каналы хабарлады.

 «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңесімен біз 2020 жылдың 1 тамызынан бастап КВИ мен пневмония бойынша статистиканың біріктіру туралы шешім қабылдадық. ДДСҰ бұл туралы 18 шілдеде хабарласа, Қазақстан статистиканы неліктен 1 тамыздан бастағалы жатыр дейді.

 Себеп мынада: бізге кодировка мен пациенттерді тіркеу жүйесінің сенімділігін қамтамасыз ету алгоритмін әзірлеу үшін, қазіргі ақпараттық жүйені баптап, жаңа мәліметтерді енгізу үшін персоналды дайындауға екі аптаға жуық уақыт керек болды. Бұл өте күрделі әрі көп күшті талап ететін шаруа.

Біздің алдымызда аз уақыттың ішінде дәрігерлерді коронавирус пневмониясының белгілерін анықтап, оны есеп жүйесіне тіркеу міндеті тұрды. Біз бұл жұмысты атқардық. Ендігі кезекте ДДСҰ-ның соңғы стандарттарына сәйкес науқастардың бәрін тіркеуге дайынбыз,» -деді ҚР денсаулық сақтау министрі  Алексей Цой.

 

Сондай-ақ оқыңыз