Жаңалықтар

Өткен тәулікте 12 табиғи өрт орын алды

Тілсіз  жау жалпы ауданы 3537 га қамтыды

Қалыптасқан ыстық ауа райына байланысты республикада жоғары өрт қауіптілігі сақталады. Бұл туралы ҚР ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.

Өткен тәулікте республика бойынша 12 табиғи өрт оқиғасы тіркелді.

Қостанай, Павлодар облыстарындағы 2 орман өрті және Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарындағы 3 жану ТЖК бақылауында.

Бұдан басқа, өткен тәулікте Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы құрғақ шөптің жануы жойылды. Аталған өңірлерде дала жануының жалпы ауданы 3537 га, оның ішінде Ақтөбе облысындағы дала жануының ауданы айтарлықтай үлкен – 2 000 га, Батыс Қазақстан облысында – 1 394 га. Өртті жоюға ТЖД, ерікті өрт сөндіру құрамаларының, орман шаруашылықтарының күштері мен құралдары жұмылдырылды.