Қазақстанда өткен тәулікте 1799 адамнан коронавирустық пневмония анықталды

Жарияланды
Инфекциядан 17 адам қайтыс болды

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 1 799 жағдайы және 17 өлім жағдайы тіркелді. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады. 

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 8 054, 86 өлім жағдайы тіркелді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі КВИ қатысты әр тәуліктегі ақпаратты  күн сайын  жариялап отырады. Барлық мәлімет министрліктің ресми сайтында және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны, қайтыс болғандар және қоғамдағы  маңызды жағдайлар ресми ақпарат  көздері арқылы  жедел жарияланады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі апта сайын арнайы брифингте хабарлайды.
 

Сондай-ақ оқыңыз