Біржолғы төлем «21 250 теңге» беріле бастады 

Жарияланды
2,2 млн-ға жуық қазақстандық «42 500 теңге» алды

Шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2,4 млн-нан астам бірегей өтініш қабылданды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайты хабарлады.

 Төлем 2 млн 201 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 182 мың қазақстандыққа аударылды. 

МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арналар арқылы қабылданады. 2,4 млн-нан астам өтінімнің ішінде:
– 835,5 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;
– 621,4 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;
– 358,7 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;
– 634,8 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.
Азаматтардың санаттары бөлінісінде:
– 835,5 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта);
– 216,4 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді;
– 1 млн 398,5 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).

Төлем 2 млн 201 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 182 мың қазақстандыққа аударылды.

Бұл ретте Қазақстан аумағында карантиннің 2 аптаға созылуына байланысты МӘСҚ-тан біржолғы төлем алатын 969,5 мың адамға қосымша 0,5 ең төменгі жалақы (бұдан әрі – ЕТЖ) – 21 250 теңге төленді. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда. Жақын арада ақшалай қаражат азаматтардың шоттарына аударылады.

Бұған дейін хабарланғандай, 2020 жылдың шілдесінде МӘСҚ-тен біржолғы төлем алған қазақстандықтарға карантиннің ұзартылуына байланысты қосымша ақы автоматты түрде тағайындалады. Қайта өтініш берудің қажеті жоқ.
Карантин ұзартылғаннан кейін біржолғы төлем тағайындауға алғаш рет өтініш берген азаматтарға төлем 1,5 ЕТЖ немесе 63 750 теңге (42 500 + 21 250 теңге) мөлшерінде тағайындалады.
Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.
 

Сондай-ақ оқыңыз