Қытайда COVID-19 вакцинасын адамдарға клиникалық сынақтары басталды, деп хабарлайды «Интерфакс» фармацевтикалық компаниялардың мәлімдемесіне сілтеме жасап.
Fosun Pharma қытайлық компаниясының және BioNTech неміс фармацевтикалық тобының қызметкерлері жасаған вакцинаны 144 адам сынақтан өткізуде. Олар вакцинаның екі дозасын 21 күнде алады. Сонымен қатар, алғашқы дозаны 72 адам алды. Алдымен вакцина 18-55 жас аралығындағы адамдар, содан кейін егде жастағы адамдарға сыналады.
Fosun Pharma қытайлық компаниясы және немістің BioNTech компаниясы BNT162b1 деп аталатын вакцинаны әзірлеуде. Сонымен қатар, BioNTech американдық Pfizer компаниясымен BNT162b2 вакцинасын жасауда жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта бүкіл әлемдегі ғалымдар коронавирусқа қарсы 200-ге жуық вакцинаны жасау үстінде.
Бұған дейін қазақстандық ғалымдар коронавирусқа қарсы вакцинаны сынақтан өткізгені туралы хабарланған болатын.