Бұл туралы Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму департаментінің басшысы Әсет Масабаев айтты.
«Жыл соңына дейін электр қуатының тарифы өспейді», — деп сендірді Ә. Масабаев. Бұл туралы Алматы қаласының Telegram каналы хабарлады.
Сонымен қатар, ол төтенше жағдайлардың алдын алу үшін, қалада жылыту маусымына дайындалып жатқандығын атап өтті.
«Үш жыл ішінде 1986 жылдан бері жөнделмеген Төле би көшесінің жылу магистралінің үлкен бөліктері ауыстырылды. Бұл жұмыс мамыр айында басталды. Біз барлық жабдықтарды, құбырлар мен жылу желілерін тексердік. 200-ден астам зақымдалған жерлер анықталды. Олардың 80% жөнделді. Қалғанын қыркүйекке дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз », — деді А. Масабаев.