Жеке кабинет: өзіңіздің зейнетақы жинақтарыңызды бақылаудың ең ыңғайлы жолы
Жеке кабинет: өзіңіздің зейнетақы жинақтарыңызды бақылаудың ең ыңғайлы жолы. Бұл туралы «БЖЗҚ» АҚ-ның ресми телеграм-арнасы хабарлады.
Жеке кабинетте келесі қызмет түрлері бар:
• Үзінді көшірмені қалыптастыру
• 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі мерзімсіз белгіленген кезде зейнетақы төлемдерін алуға өтініш беру
• Шоттардың бар болуы туралы анықтаманы, шарттың телнұсқасын алу
• Өз пайдасына ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу
• Деректемелерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу
• Болашақ зейнетақының божамды мөлшерін есептеу
• Зейнетақы төлемдерін тағайындау және (немесе) зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару туралы «БЖЗҚ» АҚ берілген өтініштің мәртебесін қадағалау
Жеке кабинет Қор сайтында және ENPF ұялы қосымшасында қолжетімді.