Жаңалықтар

Жеке кабинет: өзіңіздің зейнетақы жинақтарыңызды бақылаудың ең ыңғайлы жолы

Жеке кабинет Қор сайтында және ENPF ұялы қосымшасында қолжетімді  

Жеке кабинет: өзіңіздің зейнетақы жинақтарыңызды бақылаудың ең ыңғайлы жолы. Бұл туралы «БЖЗҚ» АҚ-ның ресми телеграм-арнасы хабарлады.

Жеке кабинетте келесі қызмет түрлері бар:

• Үзінді көшірмені қалыптастыру

• 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі мерзімсіз белгіленген кезде зейнетақы төлемдерін алуға өтініш беру

• Шоттардың бар болуы туралы анықтаманы, шарттың телнұсқасын алу

• Өз пайдасына ерікті зейнетақы жарналарын  есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу

• Деректемелерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу

• Болашақ зейнетақының божамды мөлшерін есептеу

• Зейнетақы төлемдерін тағайындау және (немесе) зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару туралы «БЖЗҚ» АҚ берілген өтініштің мәртебесін қадағалау

Жеке кабинет Қор сайтында және ENPF ұялы қосымшасында қолжетімді.